Қазгидромет алматылықтар мен қала қонақтарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2026 10:00 Фото: pexels
Синоптиктер 2026 жылғы 28 маусымда Алматы қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 28 маусымда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттар жиналып қалады.

Осыған байланысты тұрғындар, әсіресе автожолдардың және басқа да ластаушы көздердің маңында ашық ауада ұзақ уақыт болмағаны дұрыс.

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: