"Қазгидромет" Орал және Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2026 10:58 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 23 мамырда Қазақстанның батысындағы екі қала тұрғындары мен қонақтарына ауа сапасының нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" таратқан мәліметке сәйкес, 23 мамыр күні Орал және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына себеп болатын қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай күндері тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болуды, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында жүруді азайту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: