Құлжа трактін реконструкциялау аяқталды: жаңа асфальт және әр бағытта 3 жолақ
Алматыда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі учаскеде Құлжа трактінің жүріс бөлігін рекострукциялау аяқталды.
Жол 2,3 км учаскеде 4-тен 6 жолаққа дейін кеңейтілді, бұл оның өткізу қабілетін екі есеге арттырды.
Қалалық мобилділік басқармасы реконструкцияланған учаскенің барлық ұзындығында жолдың негізін салу, асфальтбетон жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, жаңа жарықтандыру тіректері орнатылып, уақытша жол белгілері қойылды.
Бұл ретте жолдың шеттерінде тосқауыл қоршауын және жолдың екі жағынан ені 2-ден 3 метрге дейінгі тротуарларды орнату жұмыстары жалғасуда. Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жұмыстар ең аз қозғалыс шектеулерімен жүргізілді. Әр кезеңде екі бағыт бойынша екі жолақты қозғалыс қамтамасыз етілді.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі