Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Дорога, дороги, трасса, трассы, машина, машины, дорожное движение, транспорт, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 17:06 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Құлжа тасжолының бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

"Көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Жөнделетін учаскеде мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар ескерту белгілері мен тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервисінде жарияланып отырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: