Жаңалықтар тізбегі
0

Есірткі орамын тауып алып, өзінде сақтаған ақмолалық тұрғын 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2024 14:50 Фото: Zakon.kz
Көкшетау қаласының тұрғыны аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысын осы жылдың маусым айында анықтады. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, 51 жастағы Көкшетау тұрғыны тыйым салынған затты тауып, кейін оны өзімен сақтаған.

Сотталушы есірткі салынған орамды жеке сектордың аумағынан тапқанын айтты. Ол есірткіні өзі қолданатындықтан, орамның ішінде тыйым салынған зат екенін білген. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген есірткі салмағы 1,14 грамнан асатын психотроптық "а–PVP" заты болып шықты. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жиынтық кестеге сәйкес алынған заттың массасы аса ірі мөлшерге жатады.

Осылайша сотталушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сараланды.

Сот ақмолалықты кінәлі деп тауып, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталған адамға нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: