Атырауда мал азығын дайындау жұмыстары аяқталып қалды
Қызылқоғалық шаруалар қыстың қамын жазда ойла деп мал азығын дайындауға кірісті. Шаруа қожалықтары 200 мыңдай түлікті қыстан аман алып шығуы керек. Жалпы қажетті мал азығының көлемі 110 мың тонна. Қазір оның 80 пайызы дайын тұр.Қызылқоғалық шаруалар қыстың қамын жазда ойла деп мал азығын дайындауға кірісті. Шаруа қожалықтары 200 мыңдай түлікті қыстан аман алып шығуы керек. Жалпы қажетті мал азығының көлемі 110 мың тонна. Қазір оның 80 пайызы дайын тұр, деп жазады qazaqstan.tv.
Шаруалар таңның атысынан күннің батысына дейін шөп шауып жатыр. Жасұлан Құлыбаев мына көк тракторымен науқан басталғалы тыным таппай жүр. Біз келген 30 минутта 15 орам шөпті оп-оңай дайындап тастады.
"Трактор айдап жүргенімізге 7-8 жыл болды. Жағдай өте тамаша, жақсы. Жалақысы да қолайлы, 8-де бастаймыз таңғы, кешкі 8-ге дейін." Жасұлан Құлыбаев, тракторшы
Биыл азық мол болмақ. Өйткені шабындықтар суға толып, шөп едәуір көтерілген. Шаруа қожалық иесі Ыбырай Уахитов өз қорасына керекті азықты жинап үлгеріпті. Енді аудан әкімдігімен келісімге отырып, өңір қажеттілігі үшін жұмыс істеуде.
"6 мыңдай рулон шығады деп ойлап отырмын, қазір 5 мыңдайын игердім. 5 мың рулон тасылып халыққа берілді. Округ әкімінің айтуымен 600 рулон запасқа жинап отырмын. Тасқыннан кейін шөптің шығуы мол. Жылдағыдан мол болып отыр биыл." Ыбырай Уахитов, шаруа қожалық иесі
Соңғы екі жылдықта Қызылқоға ауданында шөптен таршылық жоқ. Биылғы науқанға 250 трактор мен 180 адам тартылған. Жұмыстарды 15 қазанға дейін аяқтау көзделген. Шаруаларға әкімдік тарапынан да біраз қолдау бар.
"Мал азығын дайындаған қожалықтарға өткен жылы 550 млн субсидия төленді. Яғни бұл басқа аудандарға қарағанда алдыңғы көрсеткіш. Оның бәрі шаруа қожалықтарының шөп шабуға жақсы қатысуынан деп есептейміз." Ержан Нұралин, аудандық а/ш және жер қатынастары бөлімінің басшысы
Шөптің бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті әкімдік 80 шаруа қожалығымен меморандумға отырған. Осылайша жергілікті тұрғындарға мал азығын қолжетімді бағамен ұсынбақ. Сонымен қатар көршілес Мақат ауданы, Атырау қаласы, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандарын да шөппен қамту жоспарда.