29 миллион теңге залал: Астанада қаржы пирамидасының басшысы сотталды
Ш. Астана қаласының аумағында "Chia Tai Pharmaceutical" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарып, 2022-2023 жылдар аралығында Қытайға фармацевтикалық препараттары бар медициналық құрылғыларды өндірумен және экспорттаумен айналысатын фармацевтикалық зауыттың қызметіне бағытталған заңды инвестициялау түріндегі салымшылардың қаражатын заңсыз тартуды, қосымша зауыттар салуды және биологиялық тұрғыдан белсенді қоспаларды жетілдіруді жүзеге асырды.
Бұл ретте қаражатты басқа адамдардың жарналары есебінен байыта отырып, қайта бөлу орын алған. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде Ш. 12 жәбірленушіге 29 278 762 теңге сомасында материалдық шығын келтірген. Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, маманның қорытындыларымен дәлелденді.
Сот жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген материалдық зиянды өтемеуді, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды және ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын ескере отырып, ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасы бойынша Ш.-ны кінәлі деп танып, оған азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
2023 жылдың 19 желтоқсанында қаржы пирамидасының Астанадағы филиалының басшысы Chia Tai Pharmaceutica алты жылға сотталғаны хабарланған болатын.