Қазақстандағы екі облыс бөлісе алмаған даулы жер телімі бойынша мәселе түпкілікті шешімін тапты
Фото: pexels
Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын ескере отырып, ҚР Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы даулы жер учаскесі бойынша түпкілікті шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудиторлық палатаның 24 қыркүйектегі ақпаратына сәйкес, бұған дейін жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіліп, аудит барысында геодезия және картография саласында бірқатар бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Қарағанды облысының Осакаров ауданы мен Павлодар облысының Баянауыл ауданы арасындағы 17,1 мың га жер учаскесінің тиесілігі туралы даулы мәселе реттелмеген.
"Бұл жағдай жер заңнамасын бұзуға, екі аудан әкімдіктері тарапынан жерді қатар беруге, жер-кадастрлық карталарды жүргізудегі дәлсіздіктерге және т.б. әкелді. Осыған байланысты ҚР Үкіметіне осы учаскенің аумақтық тиесілігі туралы түпкілікті шешім қабылдау ұсынылды",- делінген ақпаратта.
Архив материалдары мен бірқатар тексеру іс-шараларын зерделеу қорытындысы бойынша даулы жер Павлодар облысының Баянауыл ауданына жататыны анықталды. Осылайша жер мәселесіне нүкте қойылды.
Бұған дейін шенеуніктің құны 107 миллион теңге тұратын жер телімін жүз есе арзанға сатқаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript