Жұбайының келісімін талап етпейтін несие мөлшері өзгеруі мүмкін

Тенге, деньги, налоги, кредиты, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 09:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жұбайының келісімін талап етпейтін несие мөлшері ұлғаюы мүмкін. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерлерге ғана қатысты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыны Ашық порталына жариялады.

Онда жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 6 айдан аспағандарға жұбайының рұқсатынсыз 10 млн теңгеге дейін несие ала алатыны жазылған.

Ал бизнеспен айналысып жүргеніне жарты жылдан асқан, төлемі қабілеті жоғары азаматтарға қарыз 99 млн теңгеге дейін беріледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Құжат 4 қазанға дейін қоғам талқысына салынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: