Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда зейнеткердің шотынан танысы үнемі ақша ұрлап отырған

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 11:53 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті 67 жастағы танысының сенімді қарым-қатынасын пайдаланып, оның шотынан ақша ұрлаған.

Зейнеткерге телефонда орнатылған банктік қосымша арқылы несиені өтеу қажет болған.

Ол бұл процесті жақсы түсінбегендіктен, күдіктінің көмегіне жүгініп, оған барлық қажетті құпиясөздерді айтқан.

Күдікті қажетті аударым жасаған соң, жәбірленушінің шотынан екі мыңнан бес мың теңгеге дейінгі шағын соманы жасырын алып, алынған ақпаратты пайдалана бастаған.

Күдікті бірден 31 мың теңгені ұрлап кеткенше зейнеткер байқамаған. Осы факті бойынша ер адам полицияға жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: