Қарағанды облысында көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған азамат ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 12:56 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті 64 жастағы көршісінің үйде болмаған сәтін пайдаланып, оның үйіне кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 100 мың теңгені құрады.

Ұсталған азаматша жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: