Астанада ұрланған телефонды сатып жіберген азамат анықталды

Астанада ұрланған телефонды сатып жіберген азамат анықталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2024 11:29 Сурет: pixabay
Нұра ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы астаналық азаматты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында ер адамның сағат 14.30 шамасында Мұхамедханов көшесіндегі азық-түлік дүкеніне келгені белгілі болды.

Клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, дүкен қызметшісінің сөреде тұрған IPhone XS телефонын байқаған. Қылмыстық оймен қаскүнем сатушының жоқтығын пайдаланып, құны шамамен 150 мың теңге тұратын гаджетті жасырын алып кеткен.

Ұрланған телефонды кездейсоқ адамға сатып жіберген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қала тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: