Қарағанды облысында пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер құрықталды
Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тонау қылмысын жасады деген күдікпен 18 және 20 жастағы екі адамды ұстады.
Зиянкестер түнде жеке үйге кіріп, телефонның керек-жарақтарын ұрлап кеткен.
40 жастағы жәбірленуші шығын сомасын 32 мың теңгеге бағалаған. Күдіктілер кінәларын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас тағы төрт қылмысқа қатысы барын анықтады.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 500 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар ұсталғандардың бірінің үйінен 1 келі марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.
Барлық анықталған эпизод бір қылмыстық іске біріктірілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript