26 қыркүйектегі саудада доллар бағамы қайта көтеріле бастады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге көтеріліп, 478,54 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,27 теңгеге (+0,07) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 478,1-479,9 теңгеге, еуро 531,5-535,5 теңгеге, ресей рублі 5,11-5,21 теңгеге сатылуда.
Ал, 26 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 2,26%-ға арзандап, барреліне $71,25 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 2,38%-ға төмендеп, барреліне 68,03 долларды құрады.
26 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 478,16 теңге, еуроны 534,92 теңге, рубльді 5,18 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript