Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 420 орынды жаңа мектеп салынады

Пустой класс, пустые классы, школьный кабинет, школа, дистанционное обучение, удаленная учеба, удаленка , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 10:24 Фото: Zakon.kz
"Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымы, "Almaty Finance" ЖШС Алматы қаласы Наурызбай ауданында жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысын қаржыландырды.

Қарыз алушы "Orken Education" ЖШС 200 млн. теңгеге өз қаражаты есебінен құрылыс материалдарын ішінара сатып алуға және кейіннен бірінші қабаттың құрылысына жұмсады. Өз кезегінде, "Almaty Finance" ЖШС оқу орнының құрылысын аяқтауға және жабдықтауға 288 млн.теңге бөлді.

Жобаны қаржыландыру "Almaty Business-2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі 5 жылды құрайды. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың жазына жоспарланған. Ашылғаннан кейін жаңа оқу орнына бір уақытта 420 оқушы келе алады.

"Жаңа мектептің құрылысы Наурызбай ауданында мектеп орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жоба сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Сонымен қатар, жекеменшік мектептің қызметі есебінен жергілікті бюджетке салық түсімдері ұлғаяды", — деді "Almaty Finance" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: