Қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады

Қазақ-қытай шекарасы, жабылады, мереке, Қытай Республикасының құрылған күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 17:34 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.


"Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: