Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері төрт күнге жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеті, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 20:31 Сурет: gov.kz
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шара Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты қолға алынғанын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды".ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Бірақ қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра беретіні нақтыланады.


"Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: