Синоптиктер 1 қазанда еліміздің көп өңірінде күн ашық әрі жылы болатынын болжайды
Болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде құрғақ әрі жылы ауа райы күтіледі.
"Фронтальды атмосфералық бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің оңтүстігінде ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпін алады, түнде және таңертең солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл болады". "Қазгидромет" РМК
Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Маңғыстау өңірінің шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, Абай облысының орталығында, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
"Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында , Абай өңірінің оңтүстігінде , Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы өңірінің солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады", - деп нақтылайды "Қазгидромет" РМК.