Түркістан облысының тұрғынынан трамадол дәрісі тәркіленді

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, цены на лекарства, медикаменты , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 13:02 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы Шардара ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері трамадол психотроптық затын заңсыз сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Полиция күдіктінің үйін тінту кезінде трамадолдың 400 таблеткасын тәркіледі, сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Барлық мән-жайды анықтау барысында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полициясы трамадолдың психотроптық заттар қатарына енгізілгенінен бастап, 34 дерегін анықтап, 1800-ге жуық таблеткасын тәркілеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: