Жаңалықтар тізбегі
0

31 арна мен Informburo.kz сайтының жаңа иесі анықталды

«Верный Капитал» «Әділдік және Өркендеу» қорымен «31» медиахолдинг бойынша келісім жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2024 12:04 Сурет: vernycapital.com
Құрамына "31 арна" телерадиокомпаниясы мен Informburo.kz. ақпараттық портал кіретін "31" медиахолдинг меншік иесін ауыстырды. Қазақстанда алғаш рет ҮЕҰ – "Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қоры медиактив иесі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Верный Капитал" – Қазақстандағы тікелей инвестицияларға маманданған ірі топтардың бірі.

"Біздің тәжірибелі менеджерлеріміздің командасы өз салаларының көшбасшылары болып табылатын стратегиялық серіктестермен бірлесе отырып, активтерді елімізде және шетелде дамытады. 2023 жылы "31" медиахолдинг құрамынан осы жобада серіктесіміз болған "СТС Медиа" компаниясы шыққаннан кейін біз осы активті сатып алып, оның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алатын ұйымды іздедік. Біз басшылығында тәжірибелі медиаменеджерлері бар "Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қорымен келісім жасасқанымызға қуаныштымыз. Телеарна мен ақпараттық портал үшін жаңа өсу кезеңі басталатынына менің күмәнім жоқ" – деді "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры Айдан Ақанов.

"Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қорының миссиясы -еңбекшілердің құқықтарын қорғау, ағарту, қатардағы қазақстандықтарды қолдау, азаматтық қоғамның рөлін арттыру. Біздің жақтастарымыз – Қазақстанның елімізді жақсы жаққа өзгертуге дайын белсенді және оған ынталы тұрғындары. "31" медиахолдингті біз өз құндылықтарымыз негізінде адамдарды біріктірудің қосымша мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Мен өзім көптеген жылдар бойы "31 арнада" жұмыс істедім және оны одан әрі дамыту үшін барлық білімім мен тәжірибемді қолдануға дайынмын.

Біз "31 арна" аудиториясын бағалаймыз, оны миллиондаған қазақстандықтар жақсы көреді және тамашалайды. Біздің мақсатымыз – оны одан әрі танымал, қызықты және сұранысқа ие ету. Телеарнаның дамуы демократияландыру, ашықтық және кәсібилік қағидаттарында жалғасады", – деп түсіндірді "Әділет және Өркендеу" қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.

"Верный капитал" компаниялар тобы стратегиялық серіктестермен бірлесіп қаржы тартумен және тәуекелдерді басқарумен айналысады, сондай-ақ корпоративтік басқару мен қаржылық есептіліктің үздік тәжірибелерін енгізеді.

"Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қоры азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған, Қазақстанның барлық 20 өңірінде өкілдіктері бар және бүгінгі күні 5000-ға жуық жақтастары бар. Қордың жобалары мен бастамалары мынадай өзекті мәселелерді шешуге бағытталған: кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтау, оқушыларды тегін сапалы тамақпен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу мен салу сапасы және басқалар. Қор еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін заң көмегін көрсетеді.

Ел тұрғындарының пікірін анықтау үшін Қор "Әлеуметтік мониторинг" жүргізеді. Мына жерде Манифестке қол қою арқылы еліміздің кез келген тұрғыны Қордың жұмысына қосыла алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: