Жаңалықтар тізбегі
0

Әкім шаруаға ширақ, елге жанашыр болуы керек – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, Казахстан, президент, поздравление президента, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 12:25 Фото: akorda.kz
2024 жылғы 3 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары. Бұл – заңды құбылыс екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің пікірінше, әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе.

"Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді." Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет.

"Әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек. Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді. Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру. Мәслихат депутаттарының жұмысындағы басым бағыттарға қатысты менің пайымым осындай". Президент

Бүгін, 2024 жылдың 3 қазанында Астанада "Аманат" партиясының бастамасымен ұйымдастырылған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумы өтуде.

2024 жылдың 29 маусымында "Аманат" партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті. Оның жұмысына 3 мыңға жуық адам қатысты, оның 2,5 мыңы жергілікті өкілді органдардың Аманат депутаттары немесе елдегі барлық мәслихаттар депутаттарының 77 пайызға жуығы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: