Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда полицейлері гауһар тасты сақинаны ұрлаған әйелді ұстады

Ярмарка, ремесло, ремесленники, орнамент, ювелирные изделия, национальные украшения, национальный стиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 15:10 Фото: Zakon.kz
Полицияға зергерлік дүкеннің 56 жастағы қожайыны жүгініп, бутиктен белгісіз адам құны жарты миллион теңгеге жуық гауһар тасты алтын сақинаны ұрлап әкеткені туралы хабарлаған.

Жәбірленуші алтын бұйымның жоғалғанын бірнеше сағаттан кейін бірақ байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және бейнебақылау камераларын қарау барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ұрлықты Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны жасаған.

Тергеу барысында әйелдің елордаға келіп, өзіне алтын зергерлік бұйымдарды көрмекші болғаны анықталды. Ол зергерлік дүкенге келіп, сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсетіп жатқанын пайдаланып, гауһар тасты сақинаны ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Азаматша мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдеме тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерден сақ болуды сұрайды және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабылдар мен бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: