Қызылордада тұрғынды алдаған алаяқ сотталды

Облыс орталығының тұрғыны жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, оның ақшасын заңсыз иемденген.
Алаяқ тұрғынды қайтарымсыз 5 млн теңге несие алып беремін деп алдап, 300 мың теңге ақшасын қалтаға басқан.
Полиция қызметкерлері 30 жастағы күдікті әйелді құрықтады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 300-бабымен айыптау актісімен сотқа жолданған.
9 қыркүйекте Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Полицейлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін тұрғындарды сақ болуға және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға айтпауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript