Алматы облысында алаяқ алдап-арбау арқылы танысының 69 млн теңгесін иеленген

Теңге, алаяқтық, алдап-арбау, Алматы облысы, бизнесті сату, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 20:14 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтық қылмысының бетін ашты. 51 жастағы күдікті отандасының сеніміне кіріп, бизнесті сату сылтауымен оның 69 миллион теңгесін иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті көршілес елдің азаматтары.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жұмыстары жалғасуда".  Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Құқық қорғау органдары өкілдері азаматтарды ірі мәмілелер жасауда сақ болуды және серіктестер туралы ақпаратты мұқият тексеруді ескертеді. 

Бұған дейін Алматыдағы мәйітхана күзетшісі есі дұрыс емес деп танылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланған. Ол мәйітханадағы адам денелерін қорлаған деп айыпталады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: