Алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 16:57 Фото: Zakon.kz
Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Ол тамақтану орталығында бейтаныс азамат ұлынан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, белгісіз бағытта "ізін суытқанын" хабарлады.

Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық екені анықталды.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Ол смартфондарды ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды. Күдікті қамауға алынды.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның басқа да осыған ұқсас жайттарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Құқық қорғаушылар тұрғындарды өздерінің жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: