Желіні жарған видео: Тойда ағылшынша хит рэпті орындаған әйелдің кім екені белгілі болды
60 жастағы Мейрамгүл Қожашованың америкалық рэпер Coolio-ның Gangsta's Paradise әнін орындаған видеосы баршаның көңілінен шығып, сарқылмас позитив сыйлаған видео астына 25 мыңнан астам пікір қалдырылды.
Айтқандай, біздің кейіпкеріміз үйлену тойында рэп айту жоспарында болмағанын мойындады, бірақ жас жұбайлар одан дәл осы тректі орындауды өтініпті.
"Бұл - менің немере ағамның кенже ұлының үйлену тойы. Іссапардан кейін аздап шаршаңқы болғандықтан, тойда ән айтқым келмеді, бірақ жас жұбайлар діл осы тректі орындауымды өтінді. Сондықтан солардың көңіл-күйі үшін осындай жасадым, ал келесі күні достарым мен туыстарым TikTok-тағы менің видеомды өзіме жаппай жібере бастады". Мейрамгүл Қожашова
Мейрамгүлдің өзі 17 жылдан бері отандық мұнай компаниялардың бірінде PR-менеджер болып жұмыс істейді. Ол мектептен бастап ағылшын тілін жетік меңгеріп, оқуды АҚШ-та тәмамдаған. Мейрамгүлдің үш ересек баласы және төрт немересі бар. Әйел әлеуметтік желіде өзі түскен видеолар жиі және кейде кездейсоқ көп қаралым жинайтынын айтады. Соңғы рет екі жыл бұрын Шымкенттегі досының ұлының үйлену тойында да осылай рэп оқып, оның видеосы 2 миллионнан астам қаралым жинапты.
@salamat.orynbaev #рек ♬ оригинальный звук - Salamat.Orynbaev
Біздің кейіпкеріміз 10 жыл бойы жанының жайлығы үшін рэппен айналысатынын айтады. Бұл қызығушылығы 50 жасында, караокеге барғанда басталыпты. Ол кезде әйел өзінің сүйікті әндерін дұрыс орындай алмайтынына қынжылған. Содан бастап рэп айтуды үйрене бастаған. Алдымен ол құлаққапта әртүрлі композицияларды бірнеше рет тыңдап, біраз уақыттан кейін мәтінімен орындап көріп, кейін караокеде орындайтын болған.
"Мен әдетте көпшілік ән айтатын ортақ залға баратынмын, сөйтіп өзгелерге қарап солар секілді күшті ән айтуды армандайтынмын. Содан ойлана бастадым, қандай жанрды таңдасам деп. Қиынын алдым, қайталау оңайға соқпайтын рэп композицияларын үйрете бастадым. Gangsta ' s Paradise мен үйренген алғашқы әндердің бірі болды. Әнде жұмсақ, сол секілді қарқынды әрі баяу тұстар бар. Ал Эминемде әнді агрессивті түрде орындау керек болады, өте темпераментті тректер. Бірақ ол маған, керісінше серпін берді. Алдымен Эминемнің баяу қарапайым әндері – Mockingbird, Stan және т.б. үйрене бастадым, ал біраз уақыттан кейін оның ең күрделі композицияларын да игердім". Мейрамгүл Қожашова
Алматылық өзінің рэп әлеміндегі кумирі - Эминем екенін айтады. Сондықтан оны көп тыңдайды және оның шығармаларын үнемі орындауға тырысады. Кейбіреулер мені Эминемнің анасы деп әзілдейді, бірақ ол одан 10 жас кіші болса да. Сондай-ақ, Мейрамгүл өзінің сүйікті әртістері ретінде Тупак Шакурды (2pac), Баста Раймсты (Busta Rhymes), 50 Cent-ті атады.
"Бірде мен караокеде Love the Way You Lie рэпін, сол секілді Эминем мен Рианнаның фиттерін орындадым. Сол кезде караокеге кіріп келген бір топ американды: "О, Құдайым, Эминем Қазақстанда жүр" деп айқайлағанын естідім. Олар Алматыда және Қазақстанда американдық рэперлердің рэпін соншалықты таза оқылып жатқанына таң қалып, қатты қуанды. Жалпы, рэпті тек жастар ғана жақсы көреді деп ойлау - қате, өйткені әлемдегі ең танымал рэп әртістері қазір біздің құрдастарымыз және біз олармен бірге, олардың әндерімен бірге өстік". Мейрамгүл Қожашова
Ол Ерболат Құдайбергеновтың "Мен қазақпын" композициясын өте сәтті трек деп санайды.
"Маған қазір қазақстандық рэперлердің жасап жүргені қатты ұнайды. Кейбіреулері тіпті, кәсіби слоу жасайды", - дейді Мейрамгүл.