Жаңалықтар тізбегі
0

PSY, әдірем қалсын! Жанды дауыспен ән салып, караокені шулатқан жігіттің кім екені белгілі болды

Әлеуметтік желі,  PSY, Gangnam Style, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 22:46 Сурет: видеодан алынды
Караокеде оңтүстіккореялық әнші PSY-дің "Gangnam Style" әнін жанды дауыста орындаған жігіттің видеосы ТікТок желісінде кеңінен тарап, көп қаралым жинады. Оның аты-жөні – Қанағат Дауылов. Бүгіндері ол Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында тұрады екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі видеода достарымен караокеге келген жігіт "Gangnam Style" әнін корей тілінде тамаша орындап, ортаны қыздырып жатыр.

Видеоға пікір қалдырғандар талантты жігіттің өнеріне дән риза:

  • Бұл әннің де сөзін жатқа білетіндер бар екен ғой,
  • PSY саған шай құяды,
  • Мәссаған! Мықты! Жігітке респект!,
  • Мына әннің сөзін өзі жазған-ау деймін, 
  • Оригиналы ма? Түсінбей қалдық қой. Сонда бұл әнді қазақтар шығарған ба?
  • PSY сізге пародия жасап жүрген сияқты ғой...

25 жастағы Қанағат Дауылов туризм және спорт мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде аудандық полиция бөлімінде жүргізуші болып еңбек етеді екен. Бала күнінен ән айтуға құштар болып өскен ол бұл өнер нағашы жұртынан дарығанын айтады. Анасы да ара-тұра ән айтады екен. 


"Ән айту – тек хоббиім. Видеоны парақшамда жариялаған соң туыстарым, достарым, таныстарым жан-жақтан хабарласып жатыр. «Фонограммамен айтып тұрсың ба?» деп сұрағандар да болды. Оларға видеоның толық нұсқасын жіберген соң барып жанды дауыста екеніне көздері жетті. Тіпті танымайтын адамдарда да жылы пікірлерін қалдыруда. Қателеспесем, 99 пайызы жақсы пікірлер жазып жатыр. Шынымды айтсам, мұндай реакция күтпедім. Ең қызығы, отбасы мүшелерім "мой шок в шоке, мұндай өнерің барын білмеппіз" деп жатыр ғой (күліп). Негізі олар менің ән салатынымды біледі, бірақ кәріс тіліндегі әнді айтқаныма кәдімгідей таң қалып отыр", деп Otyrar.kz Қанағат Дауыловтың сөзін келтіреді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: