Алматылық жастар референдумға белсенді қатысуда
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы қаласында 1,2 миллионнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие.
Сайлаушылардың арасында белсенді Алматылық жастар өз учаскелеріне бірлесіп келген, өз таңдауларын жасады. Кейбір студенттер басқа сайлаушыларға кедергі келтірмеу үшін кезекке тұрып, бірінен соң бірі дауыс берді. Олар азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін келген.
Олар үшін бұл тек өз борыштарын орындау ғана емес, елдің болашағына тікелей әсер ету мүмкіндігі.
"Мен үшін бұл тек дауыс беру емес, бұл Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті сезіну. Мен АЭС салу – еліміз үшін қажетті және өте маңызды қадам деп есептеймін", – деді жастардың бірі.
Жастардың пікірінше, осындай сәттерде әрбір дауыс маңызды рөл атқарады.
"Біз, жас буын, еліміздің болашағына ықпал еткіміз келеді. Сондықтан референдумға келіп, өз пікірімізді білдіру – біздің борышымыз", – деп бөлісті студенттердің бірі.
Көпшілігі алғаш рет референдумға қатысып, бұл олардың өміріндегі ерекше тәжірибе болып, жауапкершілік сезімін оятқанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript