2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскер қатарына шақырылады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қорғаныс министрлігі "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы 24 ай мерзімге әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер офицерлік лауазымдарға әскери қызметке шақырылсын", -деп жазылған ресми құжатта.
Атап айтқанда, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы қызметке 915 адамды шақыру жоспарлануда:
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – 700 адам;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4 адам.
Құжат 21 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "АшықНҚА" сайтында орналастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript