Алматыда 1967 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды
Биыл қайта жөнделген бөліктің ұзындығы 644,5 метр. Ауыстырылған құбыр 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 3 көпқабатты тұрғын үй мен 1 жеке үйді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Жалпы, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада 20 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылуда. Алматының 6 ауданында жылытуаралық кезеңге жоспарланған қайта құру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Жылу желілерін қайта құру жүргізілген аумақтарды абаттандыру ауа райына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервисінде жарияланған.