Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы орын алды

Велодорожка, мопедист, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2024 13:24 Фото: Zakon.kz
Алматы қоғамдық кеңесінде ірі шаһардағы жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция Департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жолдар мен көшелерде баламалы көлік, мопедтер мен электросамокаттардың пайда болуымен жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтты.

Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 14 адам қаза тапты, тағы 757 адам жарақат алған. Ал самокаттардың қатысуымен 103 жол-көлік оқиғасы орын алып, 109 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ.

"Мопедистер мен самокаттар жиналатын орындарда 8 мотоэкипаж тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. 32 мыңға жуық мопедист пен 28 мыңнан астам электросамокат пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 700 мопед қойылды. Сондай-ақ, 100-ден астам ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды. Алдын алу мақсатында Департамент әкімдікпен, сондай-ақ кикшеринг компанияларымен және мото мектебімен бірлесе отырып, жұртшылықтың назарын жол қозғалысы қауіпсіздігіне, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, электросамокаттарды, мопедтерді және мотоциклдерді дұрыс және қауіпсіз жүргізу біліктіліктерін арттыруға аудару мақсатында "ERKIN QOZGALYS" науқанын өткізді", — деді, Арыстанғани Заппаров.

Жалпы, қалалық полиция басшысының айтуынша, жыл басынан бері шаһар жолдарында 3 миллион 420 мың 483 жол ережесін бұзу дерегі анықталса, оның 1 мың 890-ы көлікті мас күйінде басқарған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: