Алматы полициясы: 320 келіден астам есірткі әлеуетті тұтынушыларға жеткен жоқ
Фото: Zakon.kz
Алматы қалалық Қоғамдық кеңес отырысында есеп берген Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров, жыл басынан бері қалада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 530 құқық бұзушылық анықталғанын айтты.
Заңсыз айналымнан 326 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, оның 50 келісі — "синтетика".
"Есірткі қылмысы – қоғамымыздың жан түршігерлік дерті, оның кесірінен көптеген азаматтарымыз зардап шекті. Жылдан жылға есірткі қылмыстары көбейіп, қылмыскерлерді таса қылу мақсатында оларды жасау жағдайлары да жақсарып келеді. Жыл басынан бері жедел бөлімшелер синтетикалық есірткі өндіретін 14 зертхананы жойып, 74 есірткі бетбелгісін қоюшыны қолға түсірді. Есірткі құралдарының таралуы туралы мәліметтерді қамтитын 9 мың 186 граффити суреттері табылып, үстін бояп тастау арқылы жойылды. Есірткіні таратумен және жарнамалаумен айналысатын 415 интернет-сайт анықталды және бұғатталды", — деді, Арыстанғани Заппаров.
ПД-нің хабарлауынша, жалпы жедел-іздестіру шараларымен қатар нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Атқарушы билік органдарымен бірлесіп, қаланың білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы 551 профилактикалық іс-шара жүргізілді.
Әлеуметтік бейнероликтер қоғамдық орындарда, оның ішінде 8 метро станциясындағы 42 мониторда анонимді сенім нөмірлерін көрсету арқылы көрсетіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript