Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеге жаңа автобустар келді

Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 09:54 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі Асхат Шахаров автопаркте болып, қоғамдық көлік жүйесімен танысты.

Автопарк қала бойынша 23 бағытта қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге 331 автобус шығады. Былтырғы жылдан бері мекеме қоғамдық көліктерін жаңартуда.

Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 09:54

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екі жыл ішінде жаңа автобустар саны жүзге жетті. Бүгін жеткізілген 25 автобус №14, 22, 24, 26 және 42 бағытқа шығарылады, осылайша жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

"Yutong" маркалы автобустар Қарағанды облысының Сарань қаласында шығарылады. Бір автобустың құны – 64 миллион теңге.

Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 09:54

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ыңғайлы әрі сыйымды қоғамдық көлік 80 адамға арналған, кез-келген климаттық жағдайларда төзімді, кондиционер, пандусы бар, жайлы орындықтар және ақпараттық табломен жабдықталған.

"Ақтөбеде 46 бағыт бойынша жолаушыларды төрт кәсіпорын тасымалдайды. Біз олардың автопаркін біртіндеп заманауи көлік құралдарымен жаңартып жатырмыз. Наурыз айында 30 жаңа автобус алдық, бүгін 25 және қараша айының соңында тағы 25 автобус келеді. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау, қаламыздағы қоғамдық көлік сапасын жақсарту – басты мақсат. Жаңа автобустар ескі көліктерге түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, жергілікті автопарктің жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі", — деді әкім.
Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 09:54

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: