Баянауыл ұлттық паркінде көптеген бұзушылықтар анықталды
Сурет: gov.kz
Баянауыл ұлттық паркінде прокурорлық тексеріс барысында жерді өз бетінше басып алу, заңсыз құрылыс салу және конкурссыз учаскелер беру фактілері анықталды.
Қазіргі уақытта қадағалау актісі бойынша жерді босату және өз бетінше салынған ғимараттарды бұзу бойынша шаралар қабылдануда (ауданы 1,9 га 4 объектіні бұзу арқылы 4 учаске босатылды).
Сонымен қатар прокурордың наразылығы бойынша Орман шаруашылығы комитеті туробъектілерді орналастыруға орын бергені үшін тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.
"Бүгінгі таңда 70-ке жуық демалыс үйлері, кафелер мен мейрамханалар жалға алынған жер учаскелері үшін төлемнен босатылды." Павлодар облысының прокуратурасы
Сол себепті Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын шамамен 230 млн теңге шығынға ұшырайды, бұл табиғатты қорғау іс-шараларына, қызметкерлердің ақшалай үлесіне және т.б. бағытталуы мүмкін еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript