Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда алғашқы қар жауды: полиция жолда сақ болуды ескертеді

Полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы климаттың өзгеруіне байланысты ауа райын мұқият бақылап отыруды және жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 14:15 Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы климаттың өзгеруіне байланысты ауа райын мұқият бақылап отыруды және жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертеді.

Қысқы дөңгелектерге ауысуды уақытылы жоспарлаған жөн.

Көктайғақ кезінде апаттың қаупін азайту үшін аса маңызды екі кеңесті ұстанған абзал: қозғалыс жылдамдығын азайту және алда кетіп бара жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты ұлғайту.

Бұл жол-көлік оқиғасы туындауы мүмкін жағдайда шұғыл шешім қабылдау үшін уақытты ұтуға көмектеседі.

"Жолда жаяу жүргіншілерден де аса сақтық таныту талап етіледі. Қар жауып, мұз пайда болған уақытта көлік құралдарының тоқтауы қиындайды. Жаяу жүргіншілер өткеліне шыққан кезде жүргізушілердің жол беріп жатқанына көз жеткізіңіз. Ересектер балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қосымша түсіндіруі қажет", – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Соңғы 12 сағат ішінде СҚО-да жол-көлік оқиғалары тіркелмеді. Жолдағы жағдай тұрақты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: