Ақтөбеде Әйтеке бидің 380 жылдығы атап өтілді

Ақтөбеде бидің 380 жылдығы атап өтілді  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 16:36 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығына арналған мерекелік іс — шаралар Ақтөбе қаласы әкімдігінің алаңында тұрған Әйтеке би ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Азамат Бекет "ХVIІ- ХVIII ғғ. Қазақ елі: Әйтеке би заманындағы ұлттық құндылықтар және ұрпақтар сабақтастығы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға келген қонақтармен бірге Әйтеке би ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұрпаққа мұра боларлық шараның ашылуымен құттықтады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

11-13 қазан күндері аралығында Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауылында қазақтың атақты мемлекет және қоғам қайраткері, мәмілегер Әйтеке би Бәйбекұлының туғанына 380 жыл толуына арналған ауқымды іс-шаралар өтуде.

Іс-шаралардың мақсаты — ел бірлігі мен әділдіктің жарқын үлгісін өрсеткен тарихи тұлғаның мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: