Алматыда Ленинградтың блокададан босатылуының 81 жылдығы атап өтілді

Ескерткіш, Алматы, Ленинград блокадасы, 81 жылдығы, гүл шоғын қою, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 22:38 Сурет: Facebook/Мурат Абдушкуров
Алматы қаласында 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында Ленинградтың 872 күнге созылған фашистік блокададан толықтай босатылуының 81 жылдығына арналған салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Алматының сегіз ауданының ардагерлер кеңесінің, Ресей Федерациясының Бас консулдығының өкілдері, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың мүшелері қатысты. Жиынға жиналғандар блокада құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Осылайша қаланы қорғаушыларға алғыстарын білдірді.

"Бұл оқиға қаланы қорғаған қарапайым тұрғындар мен солдаттардың қайғылы және қаһармандық тағдырының символына айналды. Біз өскелең ұрпақты ХХ ғасырдағы індет – фашизмді жеңген әкелеріміз бен аталарымыздың, аналарымыз бен әжелеріміздің Ұлы жеңісін үлгі ете отырып, тәрбиелеуіміз керек. Іс-шараға қоршаудағы Ленинград тұрғындары, Алматы қаласының Ардагерлер кеңесі, Ауғанстан ардагерлер одағы, басқа да ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Ресей Федерациясының Бас консулдығы, "Ақ жол" партиясы мен ҚКП, қала тұрғындары мен қонақтары, жастар қатысты", - деп жазды Ауғанстандағы соғыс және басқа да жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішұқыров Facebook-тегі парақшасында.

Ленинград блокадасы 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін созылды және Ұлы Отан соғысының ең ауыр сынақтарының бірі болды. Блокада құрсауында 2,5 миллионнан астам адам, оның ішінде 400 мыңға жуық бала болды. Аштық, суық және үнемі аспан жауған бомба жүздеген мың адамның өмірін қиды. Алайда, қатал қиындықтарға қарамастан ленинградтықтар еңбек етіп, қаланы қорғап, өмірлері үшін күресті жалғастырды. Қазақстан қоршаудағы қаланы қолдауда маңызды рөл атқарды. Ынтымақтастықтың алғашқы көріністерінің бірі Жамбыл Жабаевтың "Ленинградтықтар - менің өрендерім!" атты өлеңі қазақ халқының бауырластық қолдауының символына айналған. Эвакуация басталғанда Қазақстан Ленинградтың мыңдаған тұрғындарын қабылдап, оларға баспана, жұмыс беріп, жаңа өмір бастауларына мүмкіндік берді. Сол кезде келген отбасылардың көбісі осында мәңгілікке қоныстанып, Қазақстанды өз Отаны деп санайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: