Жаңалықтар тізбегі
0

Ақсу қаласының мәслихаты салықты заңсыз көтерген

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 13:43 Фото: Zakon.kz
Павлодар іргесіндегі шағын Ақсу қаласы мәслихатының депутаттары ауыл шаруашылығындағы жерлерге салынатын салықты 50%-ға дейін көтеріп жіберген. Ал еліміздің салық кодексінде аталған жер телімдеріне базалық мөлшерлеме көтерілмейді деп анық жазылған.

Қазір фермерлер мен шаруа қожалықтарынан жиналған артық қаржы қайта есептеліп жатыр. Ол иелеріне қайтарылады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Салықтың 10%-дан 50%-ға дейін көтерілуі заңсыз екені анықталды. Тек қана Ақсу қаласы прокуратурасының наразылығынан кейін осы қаулы өзгертілді. Және 700 ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың салық ставкасы төмендетілді." Асхат Әтікеев, облыс прокурорының көмекшісі

Дәл осындай жағдай Баянауылда да болған. Қазір прокуратура тексеріп жатыр. Жақында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланып отырған 650-ден астам шаруаға салық ретінде жиналған артық ақшалары қайтарылады, дейді құзырлы орган өкілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: