Тоқаев пен Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 18:42 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ел басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды.

Президенттер, ең алдымен, даңқты армян кинорежиссері және суретшісі Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған театр фойесіндегі фотокөрмені тамашалады.

Концертте Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі мен Инга Аршакян, Гор Суджян секілді өнерпаздары әлемге әйгілі армян композиторлары Комитастың, Шарль Азнавурдың, Жорж Гарваренцтің және Арно Бабаджанянның музыкалық шығармаларын орындады.

Сонымен қатар 15-16 қазан күндері Астанада Армения киносының күндері өтеді. Ал Сос Саркисян атындағы "Амазгаин" театры көрермен назарына Даниил Хармс шығармасының желісімен қойылған "Лю-Беф" спектаклін ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: