Бейбіт Жукаев Алматы турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейбіт бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.
Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.
Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды — 6:4, 6:1.
Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Жукаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен кездеседі.
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.
ForteBank. Күш бойыңда!
Серіктестік ақпарат
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript