Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы сауда үйлерінің бірінен бес мың вейп тәркіленді

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, запрещено курить , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 13:15 Фото: pexels
Заңсыз саудамен айналысқан 42 жастағы әйел ұсталды. Жетісу ауданындағы сауда үйлерінің бірінде ол Қазақстанда айналымына тыйым салынған электронды темекілерді сатқан.

Осы жылдың 20 маусымында вейптерді сатуға тыйым салатын заң күшіне енгенін еске саламыз. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі бұйымдарын, электронды тұтыну жүйелерін (вейп), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату) толықтырылды.

Шылым шегуге болмайтын темекі өнімдерінің, оның ішінде электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды қоса алғанда, олардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылуы азаматтардың денсаулығын темекінің жаңа түрлерінің және құрамында никотин бар өнімдердің зиянды әсерінен қорғау күшейтілген мемлекеттік саясатты көрсетеді.


"Сондай-ақ халық арасында, әсіресе жастар арасында ықтимал қауіпті заттардың таралуына байланысты тәуелділікті азайту", – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Сауда орнын тінту кезінде бес мың вейп табылды және тәркіленді. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Заттай айғақтар қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: