БҚО полициясы электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 20 жастағы тұрғынды ұстады

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 15:03 Сурет: ҚР ІІМ
БҚО Бәйтерек ауданының Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 20 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол өзінің заңсыз қызметін сақтандыру дүңгіршегінде жүзеге асырды. Жеке тінту кезінде одан 9 электронды темекі табылып, тәркіленді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатқаны және таратқаны үшін 2024 жылы 200 АЕК (738 400 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жазаланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: