Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы хайуанаттар бағы қазақстандықтардан шимпанзе Лолаға байланысты көмек сұрады

Алматы хайуанаттар бағы қазақстандықтардан шимпанзе Лолаға байланысты көмек сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 14:34 Сурет: Алматы хайуанаттар бағы
17 қазанда Алматы хайуанаттар бағы су жаңа бейнемен бөлісті. Онда бақ қызметкерлері қазақстандықтарға бір шимпанзеге қатысты сұрақпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, зообақтағы шимпанзелер ойыншықтарды өте жақсы көреді. Мәселен, Паша есімді маймыл берілген доптармен бірден ойнап үлгерді.

"Біздің шимпанзелер ойыншықтарды өте жақсы көреді. Бұл жолы оларға доп берген болатынбыз. Паша бірден қызығушылық танытып, тіпті доптың ішін көріп үлгерді. Ал Лола, нағыз ханым ретінде, доптардың артынан жүгірмейді! Жалпы, оны басқа бір нәрсемен қызықтыру керек",- деп жазды зообақ өкілдері.

Осыған байланысты оқырманға Лоланы немен қызықтыруға болатындығын сұрап жүгінді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында бруцеллездің қауіпті бес ошағы анықталғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: