Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда алғаш рет "Жас құтқарушы" сыныбы ашылды

Алматының Жетісу ауданындағы №87 жалпы білім беретін мектепте "Жас құтқарушы" сыныбы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Қазақстанда 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күніне орайластырылған., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 14:47 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Жетісу ауданындағы №87 жалпы білім беретін мектепте "Жас құтқарушы" сыныбы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Қазақстанда 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күніне орайластырылған.

"Жас құтқарушы" сыныбында балаларды өрт, жер сілкінісі, суға шомылу маусымындағы іс-әрекеттерге үйретеді. Басты мақсат – оқушылардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және оларды төтенше жағдайда пайдасы тиетін тәжірибелік дағдыларға үйрету.

"Бұл өскелең нағыз патриоттар мен болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды оқиға. Алматыдағы алғашқы осындай сыныптың біздің ауданда ашылғанына мақтанамыз. 9-сынып оқушылары жас құтқарушылар антын қабылдап, елді қорғауға және төтенше жағдайда қауіпсіздік шарасын сақтауға міндеттенді. Балаларға шын жүректен сәттілік пен жаңа жетістіктер тілеймін. Олардың қоғам дамуына үлкен үлес қосатын тұғыры биік тұлға боларына сенімдімін!", – деді Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева.

Жаңа сыныптың ашылуы кезінде келушілерге мото жол талғамайтын көлік, қарда жүретін көлік, квадроцикл, жедел әрекет ететін өрт сөндіру машинасы сынды құтқарушылардың техникасы мен жабдықтарынан көрме ұйымдастырылды.

"Жас құтқарушы" сыныбы балалардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, тұрақты тәжірибелік дағдыларды меңгеру және төтенше жағдайда өзін-өзі ұстау қабілетін дамыту мақсатында ашылды. Болашақта жас құтқарушылар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырады деп үміттенеміз", – деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: