Ұлытау облысының Жезқазған қаласында "Жас сақшы" сыныбы ашылды
Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті
Жезқазған қаласындағы №3 орта мектепте полиция департаментінің ұйымдастыруымен "Жас сақшы" сыныбының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыныпқа 1973-1985 жылдары Жезқазған облыстық ішкі істер басқармасының басшысы болған милиция генерал-майоры Мұрат Құрмановтың есімі берілді.
Салтанатты шараға облыстық департамент басшысы Қайыркен Әлиев, қала әкімі Қайрат Шайжанов, білім басқармасының басшылары, ата-аналар мен оқушылар қатысты. "Жас сақшы" сыныбына 25 оқушы қабылданып, алғашқы сынақтан сүрінбей өтті.
"Біздің мақсатымыз — жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, оларды жауапкершілік пен салауатты өмір салтына баулу", — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев.
Іс-шара барысында облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөліністің жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Оқушылар мен ұстаздар қуанышты көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен бөлісті. Айта кетсек, сынып облыс көлемінде алғашқы рет ашылып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



