Түркістан облысында Бахтыбай Бейсембаевтың атындағы "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы Төлеби ауданында Ішкі істер қатарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған полиция полковнигі Бахтыбай Әбдікәрімұлы Бейсембаевтың атындағы "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шараға полиция департаментінің тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және ауданның полиция басшысы Бауыржан Зиятаев, оқушылар мен ата-аналары қатысты.
"Еліміздің барлық өңірінде, жергілікті жерлерде "Жас сақшы" полиция сыныптары ашылып жатыр. Полиция сыныбын құру –Ішкі істер министрлігінің жастарды патриотизм мен отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған үздік жобасы", - деді полиция полковнигі Мақсат Асқаров.

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сыныптың ашылу салтанатында мектептің 11-сынып оқушыларынан 21 оқушы ант беріп "Жас сақшы" қатарына қосылды.
Жиын соңында полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев балаларды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеуде бұл полиция сыныбының ықпалы орасан зор екендігін айтып, жас өрендерге сәттілік тіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


