Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Астанадағы жаңа өрт сөндіру бекетін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 16:15 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушылар күні қарсаңында елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді.

Бөлімнің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағына "Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабы, сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті және "Нұрлы жол" вокзалы сияқты маңызды нысандар кіреді. Өрт сөндірушілер жұмысын бастаған екі ай ішінде 200-ге жуық дабылға жедел шығып үлгерген.

Сапалы әрі тез құрастырылатын модульді материалдардан салынған өрт сөндіру депосы функционалдық тұрғыдан өте қолайлы. Ғимаратта жұмыс, диспетчерлік, демалыс бөлмелері, оқу сыныбы және ас үй қарастырылған. Жабық тұраққа алты арнайы техника сыяды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 16:15

Сурет: akorda.kz

Президентке өрт сөндіру және құтқару операцияларына арналған заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар биік ғимараттардағы өртті өшіруге пайдаланылатын дрондардың жұмысы таныстырылды.

Мемлекет басшысы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен сөйлесіп, осындай заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет екенін және аталған жобаның аясы кеңейтілетінін жеткізді. Президенттің айтуынша, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың әлеуметтік мәселелерін шешу және баспанамен қамту жұмыстары жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 16:15

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған екі қабатты жатақхананы аралап көрді. Сондай-ақ жатақханаға қоныстанған өрт сөндірушілердің отбасыларын құттықтады.

Бұдан кейін №23 жаңа өрт сөндіру бөліміне спорт жабдықтарын сыйға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 16:15

Сурет: akorda.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: