Цифрлық даму министрі әрбір қазақстандықтың басында қанша SIM-карта болуы керектігін айтты

Ұялы телефон, Цифрлық даму министрі, SIM-карта  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 17:36 Сурет: unsplash
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы 17 қазанда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда бір адам қанша SIM-карта ұстай алатындығына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір бұл тұрғыда қандай да бір шешім қабылданған жоқ, бірақ сарапшы ретінде менің ойымша, әрқайсымызға 10-нан артық SIM-картаның қажеті жоқ. Менің ойымша, бұл көлем бір адамға жеткілікті, бірақ оны сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар талқылайтын болады. Соның нәтижелері бойынша ұсыныс енгізілетін болады", - деді ол.

Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі SIM-карталарды сатуда жаңа ережелер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: