2024 жылдың соңына дейін Алматының Түрксіб ауданында 110 км электр желісі жаңартылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында электр желілерін реконструкциялау бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 10:56 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында электр желілерін реконструкциялау бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

Қала басшысының айтуынша, "Әлмерек", "Нұршашқан" және "Қайрат" шағын аудандарының тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін "Тұздыбастау" қосалқы станциясы салынған.

Қосалқы станция "Тұздыбастау" қосалқы станциясын "Бесағаш" қосалқы станциясымен байланыстыратын кабельдік желілерді төсеу жұмыстарынан кейін 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін қосылады.

Сонымен қатар, аталған шағын аудандарда 110 км электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жалпы, Алматы қаласында жыл басынан бері 76 км электр желілерінің 66 км-і жаңартылды.

Сонымен қатар, биыл магистральді көшелерде 25 км сыртқы жарықтандыру жүйесі жөнделіп, 250 км-ден астам кабель тартылып, 1800 бағана орнатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: