Алматыдағы Баум тоғайы келесі жылы абаттандырылады – Ерболат Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Баум тоғайын абаттандыру жұмыстарының қашан басталатынын айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 11:04 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Баум тоғайын абаттандыру жұмыстарының қашан басталатынын айтты.

Оның айтуынша, жаңарту жобасы әзірленген, желтоқсанда сараптама қорытындысы шығады.

"Келесі жылы тоғайды ретке келтіре бастаймыз. Онда жарықтандыру, бейнекамералар және ыңғайлы жолдар пайда болады, яғни тоғайда жүру қауіпсіз әрі жайлы болады. Жұмысты келесі жылдың күзінде аяқтауға тырысамыз", – деді қала басшысы.

Айта кетейік, жоба аясында тоғайдың жасыл қорын қалпына келтіру және оның өсімдік түрлерінің санын көбейту де көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: